Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси реформалар туралы айтып өткен болатын. Және де бұл өзгерістердің барлығын тек қана іс жүзінде ғана көрсету керек дегені Жаңа Қазақстанға нық қадамның дәлелі.
Сонымен бірге қаңтардағы қайғылы оқиға елімізде атқарылған істерге сын көзбен қарауға мәжбүр еткенін атап өтті. Халқымыз осындай қиын кезеңде Президентімізді қолдап, бірге екендігін көрсетті. Өз үндеуінде техникалық мамандықтарға басымдық беретінін, қарулы күштерді реформалау қажеттігін, кадрлық резервтерді қолға алу керектігін міндеттеді. Осы тапсырманы орындау барысында ұстаздар қауымы да аянбай бар күшімізді сала отырып, ұлтжанды , елін сүйетін , білімді , саналы ұрпақ тәрбиелеуге жұмсауымыз қажет.
Жаңа Қазақстан құрылсын, халықтың құқықтық еркіндігі мен әлеуметтік жағдайы жақсаруын тілейміз. Біз Президентімізді қолдаймыз.